Заключение меморандума с Астанинским филиала партии Respublica!

2024-07-19

📢 Достар, керемет жаңалықты қарсы алыңыздар! «Respublica» партиясының Астана қалалық филиалы - Butterfly Effect | Kazdream IT Holding компаниясының «+1 Илон
Маск» атты қайырымдылық қорымен меморандумға қол қойды.

🤝 «+1 Илон Маск» қайырымдылық қоры Қазақстандағы ауылдық елді мекендердегі балалардың толыққанды білім алуы және жан-жақты дамыту мақсатында компьютерлік техникасымен қамтамасыз етумен айналысады. Қор командасы ноутбуктарды жинап, қажет болса жөндеп, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мұқтаж балаларға жібереді. Олардың жұмысы цифрлық теңсіздікті азайтуға және әрбір баланың заманауи білім беру ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

💻🌱Қор командасының бізді жылы қарсы алуы мен кәсіби шеберлігі тәнті етті. Олардың шынайылығы мен адалдығы табысты ынтымақтастыққа деген сенімімізді нығайтты. Партия мен IT-компанияның өзара тәжірибе алмасуы арқылы жаңа көкжиектер ашылуда.

🔜 Елімізде - білім, инновация және технологияны дамытуға және қолдауға бағытталған көптеген бірлескен жобаларымыз болуда. Біз ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін және бірге қол жеткізе алатын табыстарды күтеміз. 

Астанинский филиал партии Respublica заключил меморандум с благотворительным фондом «+1 Илон Маск» от ведущей ИТ-компании Butterfly Effect | Kazdream IT Holding.

 

 

Другие новости